Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 9-СЫНЫПТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТІ ӨТТІ! 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
07
март
2025

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 9-СЫНЫПТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТІ ӨТТІ! 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 9-СЫНЫПТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТІ ӨТТІ! 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

Мектебімізде ерекше мерекелік көңіл-күй орнады! 9-сынып оқушылары көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әсерлі концерт ұйымдастырып, барша аналар мен ұстаздарға, қыз-келіншектерге өз өнерлерін арнады.🌷🌷🌷🌷

✨Концерт барысында оқушылар әсем әндерін шырқап, әсерлі билерін орындап, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
✨Әрбір қойылым көрермендердің көңілінен шығып, жылы лебіздер мен ыстық ықыласқа бөленді. Оқушылардың дайындаған көріністері мен музыкалық нөмірлері бұл мерекенің маңыздылығын тағы бір мәрте айшықтап, әрбір ананың, әрбір арудың жүрегін жылулыққа бөледі.👍🏻👍🏻👍🏻🩷🩷🩷🩷🩷

Мерекелік кеш барысында ұстаздар мен аналарға деген құрмет, сыйластық пен алғыс сезімі ерекше байқалды. Көктемнің шуағындай жылы, мейірімге толы бұл күннің сәнін келтірген барлық өнерпаздарға алғысымыз шексіз!

Барша аналарымыз бен аруларымызды көктемнің ең әсем мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қуаныш пен бақыт тілейміз. Жүздеріңізден қуаныш пен күлкі ешқашан кетпесін!

Мерекелеріңіз құтты болсын! 🌸✨
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: