Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағылшын тілі және орыс тілі пәндер онкүндігі
23
январь
2026
Ағылшын тілі және орыс тілі пәндер онкүндігі
Сүйінбай атындағы №143 мектеп лицейі. Ағылшын тілі және орыс тілі пәндер онкүндігі аясында. 5-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Quiz Time» атты сыныптан тыс шара өтті. 🇬🇧 Шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін ойын арқылы бекіту, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту және өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу. Танымдық әрі қызықты өткен сайыс оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өткізгендер: Қаунбаева Дильбар. Мамаш Айдана
Баланы мағыналы оқуға қалай көмектесуге болады?
23
январь
2026
Баланы мағыналы оқуға қалай көмектесуге болады?
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 3”А” сыныбында «Ата-аналарға көмек. Баланы мағыналы оқуға қалай көмектесуге болады. Оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Ата-аналарға баланың оқу сауаттылығын дамыту жолдарын көрсету, мағыналы оқуға үйде көмектесудің тиімді әдістерімен таныстыру. Міндеттері: •Мағыналы оқудың мәнін түсіндіру •Оқу сауаттылығын дамытуға арналған әдістерді ұсыну •Ата-аналарды баламен бірлесіп жұмыс жасауға тарту
Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жүргізілді
23
январь
2026
Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына талдау
Қазақ әдебиеті балалар айлығы аясында кітап оқитын клубтың жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар арасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты құндылықтарды насихаттау. Талдау барысында Ы.Алтынсариннің тәрбиелік мәні зор әңгімелері мен
«Біздің үй – кітапхананың буккросингі»
23
январь
2026
«Біздің үй – кітапхананың буккросингі»
«Біздің үй – кітапхананың буккросингі» Идеясы Буккросинг – кітапты оқып болған соң оны басқа адамға беру арқылы білім мен рухани құндылықты бөлісу. «Біздің үй – кітапхананың буккросингі» жобасының негізгі мақсаты – отбасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру. Мақсаты Оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға тарту; Үй кітапханасын тиімді пайдалану; Кітап алмасу арқылы оқырман қауымын кеңейту. Міндеттері Әр отбасының үйіндегі оқылған кітаптарды ортақ айналымға қосу;
📚«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» челлендж
23
январь
2026
📚«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» челлендж
📚 «ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» челлендж 🔹 Челлендждің мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды насихаттау, кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру. 🔹 Міндеттері: Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Оқушылар арасында мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу; Мектеп кітапханасының қорын толықтыру; Оқу мәдениетін дамыту.