Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
3 " А" сынып оқушысы  Абдибалил Рабиянұр Азаматқызы
08
август
2023
3 " А" сынып оқушысы Абдибалил Рабиянұр Азаматқызы
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 3 " А" сынып оқушысы Абдибалил Рабиянұр Азаматқызы " БАЛАПАН" телеарнасында "Білім бәйгесі" зияткерлік бағдарламасында жүзден жүйрік шығып, жеңіске жеткені үшін АЛҒЫС ХАТ табысталды. Жүзден жүйрік шыққан шәкіртімізбен мақтанамыз!! Жарайсың Рабиянұр!! Сынып жетекшісі Тұрапбаева Қарлығаш Жұмажановна #143өзшәкірттеріменмақтанады
2 «Ә»  сынып оқушысы Талғат Батырхан дипломмен  марапатталды
13
июль
2023
2 «Ә» сынып оқушысы Талғат Батырхан дипломмен марапатталды
"Qalan.kz" онлайн білім беру платформасында оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған Математика пәні олимпиадасының 1-кезеңінен жүлделі 1 орын алғаны үшін 2 «Ә» сынып оқушысы Талғат Батырхан дипломмен марапатталды.
«Алтын белгі» төс белгісімен марапатталды
22
июнь
2023
«Алтын белгі» төс белгісімен марапатталды
Кешегі күні Алматы қаласы бойынша білім мен ғылым, тәрбие мен тәлімді ту еткен 11 жыл бойы табандылықпен өзінің үздік екенін дәлелдеп, білімнің асқар шыңына көтерілген 480 мектеп түлегі «Алтын белгі» төс белгісімен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Алматы қаласының аудан әкімдері мен білім саласын дамытуға зор үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек сіңірген ардагер ұстаздар қатысып, ерекше көзге түсіп жеңіс тұғырынан көрінген жас түлектерге өз алғыстарын білдірді. «Алтын белгі» төс
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАЖАЙЫП ЖАУҺАРЛАРЫ" атты республикалық байқауы
21
июнь
2023
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАЖАЙЫП ЖАУҺАРЛАРЫ" атты республикалық байқауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН:ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" атты жолдауында айтылған басымдықтарды өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау,жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру,ғылыми ,шығармашылвқ қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілген "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАЖАЙЫП ЖАУҺАРЛАРЫ" атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған Қадіржан Әмина Райымбек Аяжан Ертай Мерей Мұратбек Кенжебек Минахмет Ақниет сынды оқушыларымыз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
#BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық байқауы
08
июнь
2023
#BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық байқауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыруымен Балалар күніне орай өткізілген #BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық байқауына қатысқан оқушыларымыз :Ертай Мерей ,Искак Айару,Тұрарбек Дана мен Тұрарбек Дәулет сыйлықтар алды. Құттықтаймыз!💐💐💐💐💐
8"в" сынып оқушысы Мырзахан Аруай
08
июнь
2023
8"в" сынып оқушысы Мырзахан Аруай
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыруымен Балалар күніне орай өткізілген #BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық байқауында 10-13 жас аралығында "Үздік қолөнер" номинациясында 3 орын алған 8"в" сынып оқушысы Мырзахан Аруай бағалы сыйлық және дипломмен марапатталды. Жетекшісі:көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна. Құттықтаймыз!💐💐💐💐💐
8"г" сынып оқушысы Қыдыржан Әмина
08
июнь
2023
8"г" сынып оқушысы Қыдыржан Әмина
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыруымен Балалар күніне орай өткізілген #BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық байқауында 10-13 жас аралығында "Үздік сурет" номинациясында 2 орын алған 8"г" сынып оқушысы Қыдыржан Әмина бағалы сыйлық және дипломмен марапатталды. Жетекшісі:көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна. Құттықтаймыз!💐💐💐💐💐
Сейілбекова Гүлбахша Куаныштайқызы II дәрежелі дипломмен марапатталды
06
июнь
2023
Сейілбекова Гүлбахша Куаныштайқызы II дәрежелі дипломмен марапатталды
Қалалық білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері арасында Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілген "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" атты қалалық эссе байқауының жүлдегері Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейілбекова Гүлбахша Куаныштайқызы II дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Eco Network жобасы
02
июнь
2023
Eco Network жобасы
Алматы қаласы, Eco Network жобасының қорытынды жиынында эко клубтың жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін, Сүйінбай атындағы мектеп-лицейдің директоры Өмірбек Айтуғанұлына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызына Алғыс хат берілді
6"б" сыныбының  оқушысы Айтбай Аружан
01
июнь
2023
6"б" сыныбының оқушысы Айтбай Аружан
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 6"б" сыныбының оқушысы Айтбай Аружан оқуда жеткен жетістіктерімен Республикалық "Жарық жұлдыз" журналына шығып, медаль мен алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз 💐