Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
июнь
2023

«Алтын белгі» төс белгісімен марапатталды

Кешегі күні Алматы қаласы бойынша білім мен ғылым, тәрбие мен тәлімді ту еткен 11 жыл бойы табандылықпен өзінің үздік екенін дәлелдеп, білімнің асқар шыңына көтерілген 480 мектеп түлегі «Алтын белгі» төс белгісімен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Алматы қаласының аудан әкімдері мен білім саласын дамытуға зор үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек сіңірген ардагер ұстаздар қатысып, ерекше көзге түсіп жеңіс тұғырынан көрінген жас түлектерге өз алғыстарын білдірді.
«Алтын белгі» төс белгісімен марапатталған 480 түлектің қатарында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 4 түлегі Акатаева Ельдана, Анарқұл Аружан, Ғазизбек Батыр, Қуат Мадина да марапатталды. Мектеп ұжымы осындай шәкірттерін әрдайым мақтан тұтады.
Жас түлектердің қимастық, ата-аналар мен ұстаздардың мақтаныш сезімі орын алаған әсерлі сәттің куәгерлері қуанышты сезімде болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: