“Қазыналы қарттар” мерекесіне орай
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 5 “А” сынып оқушылары мен жетекшісі Айнажан Мыңбаева “Қазыналы қарттар” мерекесіне орай ауданымыздың қадірлі қариялары мен ардагерлері — Әбдібек Шүкірбеков пен Сақыпжамал Қадырбайқызының шаңырағына арнайы барып, сый-құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын алып қайтты. Оқушылар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын ұсынып, жүрекжарды өлеңдерін оқып, қариялармен әңгімелесіп, олардың өмір жолынан тағылымды сабақ алды. Бұл кездесудің мақсаты —