18
март
2026
Ұлттық киім – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен салт-дәстүрінің айқын көрінісі
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне байланысты, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары ұйымдастырды.Ұлттық киім – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен салт-дәстүрінің айқын көрінісі. Осы мерекенің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-бабадан мирас болып қалған киім үлгілерін құрметтеуге баулу, олардың мәні мен маңызын терең ұғындыру.
Сонымен қатар, бұл күн ұлттық бірегейлікті сақтауға, халқымыздың тарихы мен рухани мұрасын насихаттауға бағытталады. Оқушыларды эстетикалық талғамға тәрбиелеу, ұлттық киімге деген қызығушылықтарын арттыру, өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру да басты міндеттердің бірі болып табылады.
Ұлттық киім күні – өткен мен бүгінді жалғайтын, ұлт рухын асқақтататын маңызды мереке.
[media=]