Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тарих пәні бойынша 7-8 сынып оқушылар  арасында Республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өткізілді
18
ноябрь
2025
Тарих пәні бойынша 7-8 сынып оқушылар арасында Республикалық
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде тарих пәні бойынша 7-8 сынып оқушылар арасында Республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өткізілді.Мақсаты оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру,тарихи білімдерін тексеру. . Пән мұғалімі: Сариева Ләззат
17 қараша күні 2025 ж «Авторлық білім беру технологияларын оқу жүйесіне бейімдеу» тақырыбында тәжірибелік-семинар өтті.
18
ноябрь
2025
17 қараша күні 2025 ж «Авторлық білім беру технологияларын оқу
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің педагог-зерттеуші,педагог-сарапшы мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу және өзара әдістемелік қолдау көрсету үдерістерін жетілдіру мақсатында 17 қараша күні 2025 ж «Авторлық білім беру технологияларын оқу жүйесіне бейімдеу» тақырыбында тәжірибелік-семинар өтті. Семинар онлайн форматта Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылып, қаламыздың бірнеше аудандарына таратылды. Атап айтқанда, Алатау, Медеу, Наурызбай, Әуезов және Бостандық
8 “ А” сыныбында “Заң және тәртіп - қоғам тұрақтылығының негізі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
18
ноябрь
2025
8 “ А” сыныбында “Заң және тәртіп - қоғам тұрақтылығының негізі”
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасындағы 3 негізгі тұғырлы идея “Заң және Тәртіп” қағидатын нығайту бойынша 8 “ А” сыныбында “Заң және тәртіп - қоғам тұрақтылығының негізі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: 1.Оқушыларға құқықтық мәдениет туралы түсінік беру, заң талаптарын орындаудың қоғам өміріндегі маңызды рөлін түсіндіру. 2.Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің негізгі шарттары – заңға бағыну, жауапкершілік, азаматтық сана туралы ой қалыптастыру. 3.Оқушылардың құқықтық
10"Ә" сынып оқушыларымен «Құмар ойын-қылмысқа бастар жол» атты тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
18
ноябрь
2025
10"Ә" сынып оқушыларымен «Құмар ойын-қылмысқа бастар жол» атты
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 10"Ә" сынып оқушыларымен «Құмар ойын-қылмысқа бастар жол» атты тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларға құмар ойынның қоғам мен жеке адам өміріне тигізетін зиянын түсіндіру, оның қылмысқа алып келетінін ұғындыру. Жастарды теріс әдеттерден аулақ болып, саналы өмір сүруге тәрбиелеу.
10 “А” сынып оқушыларына “ Діни сауаттылық”, “ Бейбіт өмір кепілі “ атты діни сауаттылық  сабағы өтті.
18
ноябрь
2025
10 “А” сынып оқушыларына “ Діни сауаттылық”, “ Бейбіт өмір кепілі “
Сүйінбай атындағы # 143 мектеп - лицейде 10 “А” сынып оқушыларына “ Діни сауаттылық”, “ Бейбіт өмір кепілі “ атты діни сауаттылық сабағы өтті. Мақсаты: оқушылардың дін туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру, дінді теріс ағымдардан ажырата білуге үйрету және ұлттық, рухани құндылықтарды сіңіру. [media=https://www.facebook.com/share/r/1Brn6kTFWy/] 
«Алтын күз – 2025» атты күзгі мереке
17
ноябрь
2025
«Алтын күз – 2025» атты күзгі мереке
«Алтын күз – 2025» атты күзгі мереке 2025 жылдың қараша айында мектебімізде 6–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз – 2025» атты көңілді мереке өтті. Бұл шараның мақсаты – күздің әсемдігін насихаттау, оқушылардың өнерін көрсету және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Мереке барысында оқушылар әдемі күзгі киімдер киіп, сәнді көрсетілімге қатысты. Сонымен қатар, олар күз туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, би биледі. Түрлі қызықты ойындар мен сайыстар өткізіліп, балалар тамаша уақыт
«Көмек» бағдарламасы бойынша тәрбие сабағы өткізілді 9д сыныбы
17
ноябрь
2025
«Көмек» бағдарламасы бойынша тәрбие сабағы өткізілді 9д сыныбы
9Д сыныбында оқушылардың бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында «Көмек» бағдарламасы бойынша тәрбие сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық ұғымдарын талқылап, өмірлік жағдаяттар арқылы дұрыс әрекет ету жолдарын анықтады. Іс-шара оқушылардың ұжымдық бірлігін күшейтіп, бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеуге бағытталды.
9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды
17
ноябрь
2025
9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты
9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары, одан қорғану жолдары туралы түсінік беру, сондай-ақ сынып ішінде қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар буллингтің қандай жағдайда пайда болатыны, қандай әрекеттердің агрессияға жататыны туралы талқылады. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы қиын жағдайдан шығу жолдарын қарастырып, кибербуллингтен қорғану тәсілдерімен танысты.
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» 8В сыныбы
17
ноябрь
2025
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» 8В сыныбы
8В сыныбында «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» тақырыбында «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушыларға жауапкершіліктің мәні, адамгершілік құндылықтар мен қоғамдағы жауапты азамат бейнесі туралы түсінік беріліп, түрлі пікірталастар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты оқушылардың өнегелі тұлға болып қалыптасуына ықпал етті. Сынып жетекшісі Куккузов Т. М
Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай тәрбие сағаты өтті
17
ноябрь
2025
Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай тәрбие сағаты өтті
8Г сыныбында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның балаларға арналған шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, оқушылар жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы пікір алмасты. Тәрбие сағаты оқушылардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. Сынып жетекшісі Сариева Л. А