18
ноябрь
2025
17 қараша күні 2025 ж «Авторлық білім беру технологияларын оқу жүйесіне бейімдеу» тақырыбында тәжірибелік-семинар өтті.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің педагог-зерттеуші,педагог-сарапшы мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу және өзара әдістемелік қолдау көрсету үдерістерін жетілдіру мақсатында 17 қараша күні 2025 ж «Авторлық білім беру технологияларын оқу жүйесіне бейімдеу» тақырыбында тәжірибелік-семинар өтті.
Семинар онлайн форматта Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылып, қаламыздың бірнеше аудандарына таратылды. Атап айтқанда, Алатау, Медеу, Наурызбай, Әуезов және Бостандық аудандарының мұғалімдеріне семинар бағдарламасы жан-жақты таныстырылып, әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.
Іс-шара барысында мұғалімдер:
•авторлық технологияларды оқу үдерісіне ықпалдастыру жолдарын талқылады;
•заманауи әдістердің тиімділігіне қатысты пікір алмасты;
•тәжірибе негізінде қалыптасқан оқу модельдерімен бөлісті;
•өзара әдістемелік қолдау көрсету алаңын кеңейтті.
Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жаңа білім беру технологияларын тәжірибеге тиімді енгізуге бағытталған маңызды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.