Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды
17
ноябрь
2025

9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды

9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары, одан қорғану жолдары туралы түсінік беру, сондай-ақ сынып ішінде қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушылар буллингтің қандай жағдайда пайда болатыны, қандай әрекеттердің агрессияға жататыны туралы талқылады. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы қиын жағдайдан шығу жолдарын қарастырып, кибербуллингтен қорғану тәсілдерімен танысты. Тәрбие сағаты оқушылардың бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру дағдыларын нығайтуға бағытталды.
Сынып жетекшісі Алжанбаева Н.Т

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: