21
апрель
2026
«Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ» атты жалпы қалалық акция аясында
Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2026 жылғы 21 сәуір күні өткен «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ» атты жалпы қалалық акция аясында біздің мектеп те белсенді түрде қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және қоғам назарын осы маңызды мәселеге аудару болды.
Акция барысында мектебіміздің оқушылары белгіленген уақытта бір мезетте бірыңғай дене жаттығуларын орындап, өз белсенділіктерін көрсетті. Бұл шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықты нығайтуға және ұйымшылдықты қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Мектебіміз үшін бұл акцияға қатысу – өскелең ұрпақтың дені сау, саналы әрі белсенді болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадам болды.