11
март
2026
«Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы аясында
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы аясында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 10–11 сынып оқушыларымен «Энергияны үнемдеу және табиғатты қорғау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
Ақпараттық жұмыс барысында оқушыларға энергияны үнемдеудің күнделікті өмірдегі қарапайым жолдары, экологиялық мәселелердің алдын алу тәсілдері кеңінен түсіндірілді.Осындай маңызды шаралар жас ұрпақтың экологиялық сауатын арттырып, табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Пән мұғалімі: Нургожаев Манат Алдибекович