24
декабрь
2025
«Мен – көшбасшымын!» қалалық слеті
«Мен – көшбасшымын!» қалалық слеті[media=]
Алматы қаласы Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында мектеп және студенттік парламент көшбасшыларының қалалық слеті – «Мен – көшбасшымын!» өтті.
Аталған іс-шараға Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі де белсенді қатысып, өз мектебінің атын лайықты түрде таныта білді. Слет барысында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін, белсенді азаматтық ұстанымдарын және шығармашылық ойлау дағдыларын көрсетті.
Біздің мектептен слетке Әмірбек Ерасыл қатысып, өзін жауапты, белсенді және мақсатқа ұмтылатын көшбасшы ретінде көрсете білді. Оқушыға жетекшілік еткен ұстаз — Муса Аида.
Осындай маңызды іс-шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және қоғам өміріне белсенді араласуына үлкен мүмкіндік береді.
Слетке қатысқан оқушымызға алдағы уақытта толағай табыс тілейміз!