Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-сыныптар арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
18
февраль
2026

7-сыныптар арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

7-сыныптар арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан жігіттер өз өнерлерін, білімдерін, тапқырлықтарын және сахна мәдениетін көрсетті. Әр қатысушы өзін сенімді ұстап, ұлттық дәстүрді құрметтейтін, тәрбиелі әрі жан-жақты екенін дәлелдей білді.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап және ұлттық салт-дәстүрге байланысты тапсырмалар. Қатысушылар домбыра тартып, ән айтып, би билеп, көрермендерді тәнті етті.

Байқау соңында әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтап, үздік жігітке «Жігіт сұлтаны» атағы берілді. Бұл шара оқушылардың бойындағы өнерді шыңдап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: