Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұқағали әндері – жүрек үні» атты ән байқауы
12
февраль
2026

«Мұқағали әндері – жүрек үні» атты ән байқауы

«Мұқағали әндері – жүрек үні» атты ән байқауы

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде 6-сыныптар арасында «Мұқағали әндері – жүрек үні» атты ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларға ақынның шығармашылығын насихаттау, поэзиясына деген сүйіспеншілікті арттыру және өнерге баулу.

Шара барысында қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған жүрекке жақын, сырлы әндерді орындады. Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, әннің мазмұнын сезініп, көрерменге әсерлі жеткізе білді. Оқушылардың сахна мәдениеті, дауыс ырғағы мен орындау шеберлігі әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен сыныптар марапатталып, дипломдармен және алғыс хаттармен наградталды.

Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, Мұқағали мұрасын жас ұрпаққа кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: