20
январь
2026
«Жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг және құқықтық мәдениет» тақырыбында танымдық сот процесі
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде 10-сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг және құқықтық мәдениет» тақырыбында танымдық сот процесінің үлгілік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, буллингтің салдары туралы түсінік беру, жауапкершілік пен тәртіп нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өз көзқарасын дәлелдеп, мәдениетті түрде пікір білдіру қабілетін дамыту.
Шара барысында оқушылар судья, прокурор, адвокат, куәгер және айыпталушы рөлдерін сомдап, нақты сот процесі стилінде пікір алмасты. Сонымен қатар, мамандар буллингтің түрлері, алдын алу жолдары және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және қонақтар қатысып, оқушылардың белсенділігі мен дайындығына оң бағаларын берді.
Нәтижесінде оқушылар заң нормаларының маңызын түсініп, өзара сыйластық пен жауапкершілік құндылықтарын бекіте алды.
Сынып жетекшілері Исаева Алия, Сарсенова Гүлжан, Сейтмұрат Құндыз, Әбдрахман Майнұр, Сенбай Тұрсынбүбі