19
январь
2026
«Заң саласындағы мамандықтар – тәртіптің бастауы» атты кездесу болып өтті.
«Қаңтар айы-заң мен тәртіп айы» аясында «Заң саласындағы мамандықтар – тәртіптің бастауы» атты кездесу болып өтті.Мектеп-лицейімізде «Заң мен тәртіп» бағыты аясында «Заң саласындағы мамандықтар – тәртіптің бастауы» атты танымдық кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға заң саласындағы мамандықтар туралы түсінік беру, құқықтық мәдениетін арттыру және тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында заң саласының мамандары Жетісу аудандық прокуратурасынының бөлім прокуроры Базарбек Арнат Талапұлы, полиция майоры Асылова Айнур Аманжолқызы қатысып өз мамандықтарының ерекшеліктері, қызметтік міндеттері және қоғамдағы рөлі туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, заңды сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңға құрметпен қарауға және болашақ мамандықты саналы таңдауға оң ықпал етті.