Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №143 мектеп-лицейде мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өтті.
07
ноябрь
2025

№143 мектеп-лицейде мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өтті.

📚Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында:
📖Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н. Диханбаева 2025-2026 оқу жылындағы қорытында аттестаттау мен ҰБТ өткізудің ерекшеліктерімен, нормативтік-құқықтық актілермен және т.б нұсқаулықтармен таныстырып өтті. Жиналыста көтерілген мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
📝Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е Жолдыбаева 11-сынып оқушыларының сабаққа қатысуы, мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауы, өмір қауіпсіздігі туралы нұсқаулықпен таныстырып өтті.
📘Жиналыс соңында мектеп әкімшілігі ата-аналарды үлкен өмірге аяқ басайын деп отырған ұл-қыздарымызға саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салуға, балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін сезініп, мектеппен бірлесе ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: