23
октябрь
2025
ҰБТ өткізудің нұсқаулықтар мен ерекшеліктері
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде мектеп бітіруші түлектермен 2026 жылдағы ҰБТ өткізудің нұсқаулықтар мен ерекшеліктерін таныстыру мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н. Диханбаева ҰБТ бойынша нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.