Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған «Бала денсаулығы – басты байлық» тақырыбында жиналыс өтті
19
сентябрь
2025

9-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған «Бала денсаулығы – басты байлық» тақырыбында жиналыс өтті

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес 9-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған «Бала денсаулығы – басты байлық» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты:

Баланың денсаулығын нығайтуда ата-ананың рөлін айқындау;

Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру;

Бала денсаулығы үшін ұйқының маңыздылығы;

Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Мектеп формасы. Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктер
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелері
3. Жасөспірімдердің ұйқысы және психологиясы
4. Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысында аталған мәселелер талқыланып, ата-аналармен кері байланыс жасалды.
Ата-аналар өз балаларының күн тәртібі мен тамақтану ерекшеліктерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Мектеппен бірлесе отырып, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын қарастырылды.
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: