Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 “Г” сыныбының “Мен қазақпын” тақырыбындағы флешмобы
21
октябрь
2025

4 “Г” сыныбының “Мен қазақпын” тақырыбындағы флешмобы

4 “Г” сыныбының “Мен қазақпын” тақырыбындағы флешмобы

Бүгін мектебімізде 4 “Г” сыныбы “Мен қазақпын” тақырыбында әсерлі флешмоб өткізді. Бұл шара оқушылардың туған еліне, тіліне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Флешмоб барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық би қимылдарын көрсетіп, қазақи нақыштағы киімдермен өнер көрсетті. Әсем музыкамен әрленген би қимылдары көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен патриоттық рух сыйлады.

Бұл шағын, бірақ жүрекке жылу ұялататын шара арқылы балалар өздерінің “Мен қазақпын!” деген мақтаныш сезімін көрсете білді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен елге деген құрметті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Сынып жетекшісі Жұмабаева Алия Нұрланқызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: