22
октябрь
2025
“Қазақстан – Республикам менің!” атты концерттік бағдарлама
“Қазақстан – Республикам менің!” атты концерттік бағдарлама🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
2025 жылдың 21 қазанында мектебімізде Республика күніне орай 4-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Қазақстан – Республикам менің!” атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Шара барысында оқушылар Отан, Тәуелсіздік, туған жер тақырыптарында өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқап, ұлттық би биледі. Сахнада балалардың орындауындағы көріністер мен шағын қойылымдар көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар Қазақстанның тарихын, жетістіктерін мақтанышпен жеткізе білді.
Концерттің мақсаты — жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, Республика күніне құрмет көрсету болды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, ұстаздар мен ата-аналар тарапынан ыстық ықыласқа бөленді.
Бұл — өскелең ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамайтынының жарқын дәлелі.
Керемет кеш сыйлаған 4-сынып жетекшілеріне алғысымыз шексіз!