Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде математика, физика және информатика апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
28
февраль
2025

Мектебімізде математика, физика және информатика апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

✨🎓📚
Мектебімізде математика, физика және информатика апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Апталық барысында оқушылар өз білімдерін шыңдап, түрлі сайыстар мен ғылыми жобаларға қатысып, жаңа ақпараттармен танысты.
📚📚📚📚📚📚📚📚📚📚📚📚

Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми ізденістерге баулу болды. Апталық аясында өткізілген олимпиадалар, викториналар, зияткерлік ойындар мен ашық сабақтар өз нәтижесін берді.

Белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері атап өтілді.🏆 Осындай маңызды іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосқан барлық мұғалімдер мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.👏🏻👏🏻

Алдағы уақытта да білімге құштар жастарды қолдап, осындай игі бастамаларды жалғастырамыз!
💻💻💻💻💻💻💻💻💻💻

[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: