31
январь
2025
Ағылшын және орыс тілі апталығының ашылуы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің ағылшын-орыс тілдер апталығының ашылуы. Ағылшын және орыс тілі апталығы – бұл оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шара. Апталық аясында түрлі конкурстар, викториналар, ашық сабақтар, пікірталастар және сахналық қойылымдар ұйымдастырылады. Іс-шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, жаңа ақпараттармен танысады, сондай-ақ тілдік ортада қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.
Мақсаты:
•Оқушылардың ағылшын және орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру;
•Тілдік білімдерін жетілдіру және сөйлеу мәдениетін дамыту;
•Шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
•Оқушыларды топта жұмыс істеуге және өз ойларын еркін жеткізуге үйрету;
•Әртүрлі елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру.
Бұл апталық білім алушылар үшін қызықты әрі пайдалы тәжірибе болып, олардың тілдерді үйренуге деген ынтасын арттырады деп сенеміз!
[media=]