Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Білім берудің кілті неде?» атты тақырыпта коучинг өткізілді
18
ноябрь
2021
«Білім берудің кілті неде?» атты тақырыпта коучинг өткізілді
18.11.2021 жылы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО АҚФ АҚФ ББЖ ҚБАРИ Менеджмент және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушылары Бақтыбек Амантайұлы мен Ануар Байқоныстың ұйымдастыруымен «Білім берудің кілті неде?» атты тақырыпта коучинг өткізілді. Коучинг барысында мектеп мұғалімдерімен коучтар білім берудің кілті балаларға қажетті базалық дағдыларды үйретуден бастау алатындығы туралы талқылау жасады.
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП"  жылыжайы
15
ноябрь
2021
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" жылыжайы
Б. Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен мектебімізде ашылған "ЖАСЫЛ МЕКТЕП" жылыжайында бүгінгі күнде биология пәні мұғалімі А.Бершімбекова мен мектеп оқушылары өсірген аскөктерін жинап, мектеп асханасына өткізді. Асхана қызметкерлері осы жылыжайда өсірілген табиғи өнімдерін мектеп ұжымына тегін ұсынды.
Мектеп дәлізіне  үстел теннисі қойылды
29
октябрь
2021
Мектеп дәлізіне үстел теннисі қойылды
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің базасына оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жас ұрпақтын денсаулығын нығайту мақсатында мектеп дәлізіне үстел теннисі қойылды. Оқушыларымыз бос уақыттарында, бір мезгіл үстел теннисіне келіп ойнап, бой сергітулеріне болады. Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ кепілі!
Ұстаздарға толағай табыстар мен  тек сәттілік тілейміз!!
29
октябрь
2021
Ұстаздарға толағай табыстар мен тек сәттілік тілейміз!!
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицей ұстаздарының қолайлы жұмыс жасауы үшін мектеп-лицей тарапынан 30 принтер ұстаздардың пайдалануына берілді. 28 принтер ұстаздардың жеке кабинеттеріне, қалған 2 принтер мұғалімдер бөлмесіне қойылды.Ұстаздарға толағай табыстар мен тек сәттілік тілейміз!!
"Жасыл мектеп" жылыжай жобасының жұмысымен танысу мақсатында Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов мырза келіп, ұстаздар мен оқушылард
26
октябрь
2021
"Жасыл мектеп" жылыжай жобасының жұмысымен танысу мақсатында Білім
Жетісу ауданы , Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің аумағында Б.Өтемұратов қорының қолдауымен салынған "Жасыл мектеп" жылыжай жобасының жұмысымен танысу мақсатында Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов мырза келіп, ұстаздар мен оқушылардың бірігіп жасаған жылыжай жұмысымен және жылыжайда өсірілген өнімдерімен танысты.
№143 мектеп-лицейде  «Coworking» орталығы заман талабына сай қайта жаңартылып, ашылды.
16
октябрь
2021
№143 мектеп-лицейде «Coworking» орталығы заман талабына сай қайта
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жас буынның білімділік сауаттылығын арттыру, оқырманды кітапханаға көбірек тарту мақсатында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің қолдауымен Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Coworking» орталығы заман талабына сай қайта жаңартылып, ашылды. Білім ордасындағы рухани орталықтың ашылуы шәкірттер мен ұстаздардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтынына сенімдіміз.
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП"  жылыжайы
08
октябрь
2021
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" жылыжайы
Б. Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен мектебімізде ашылған "ЖАСЫЛ МЕКТЕП" жылыжайында биология пәні мұғалімі А. Бершімбекова мен мектеп оқушылары көшеттерді отырғызып, күтіп баптауда. Бүгінгі күні осы жылыжайдан мектеп оқушылары өсірген аскөктерін жинап, мектеп асханасына берді.
Би үйірмесі
25
сентябрь
2021
Би үйірмесі
Құрметті ата-аналар, оқушылар, мектеп-лицейімізде қыркүйек айынан бастап би үйірмесі ашылғанын хабарлаймыз. Үйірмені кәсіби хореограф Есентаева Актолкын Умирбековна жүргізеді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1269245833543422&id=100013740516608
23
сентябрь
2021
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1269245833543422&id=10
[media=https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1269245833543422&id=100013740516608]