№143 мектеп-лицейде «Coworking» орталығы заман талабына сай қайта
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жас буынның білімділік сауаттылығын арттыру, оқырманды кітапханаға көбірек тарту мақсатында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің қолдауымен Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Coworking» орталығы заман талабына сай қайта жаңартылып, ашылды. Білім ордасындағы рухани орталықтың ашылуы шәкірттер мен ұстаздардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтынына сенімдіміз.