«Қауіпсіздік сағаты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 10 «Д» сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік сағаты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру, жауапкершілікке тәрбиелеу.