Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай сынып сағатын
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 10 «Ә» сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлік істерімен таныстыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, елжандылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.