«Кәсіби бағдар беру» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 10 «В» сынып оқушыларымен «Кәсіби бағдар беру» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты — оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық түрлері туралы ақпарат ұсыну, еңбекке құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.