8–11 сынып оқушыларына терроризм мен экстремизмнің алдын алуға
2025 жылғы 1 желтоқсанда №143 мектеп-лицейде 8–11 сынып оқушыларына терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Көрсетілімнен кейін қауіпсіздік шаралары, төтенше жағдайлардағы іс-қимыл ережелері және күдікті жағдайларды анықтаған кезде құзырлы органдарға хабарлау тәсілдері талқыланды. Іс-шара құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылар арасында қауіпсіздікті нығайту жоспары аясында өткізілді.