Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алтын күз – 2025» атты күзгі мереке
17
ноябрь
2025
«Алтын күз – 2025» атты күзгі мереке
«Алтын күз – 2025» атты күзгі мереке 2025 жылдың қараша айында мектебімізде 6–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз – 2025» атты көңілді мереке өтті. Бұл шараның мақсаты – күздің әсемдігін насихаттау, оқушылардың өнерін көрсету және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Мереке барысында оқушылар әдемі күзгі киімдер киіп, сәнді көрсетілімге қатысты. Сонымен қатар, олар күз туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, би биледі. Түрлі қызықты ойындар мен сайыстар өткізіліп, балалар тамаша уақыт
КГУ ШЛ №143 столовой
17
ноябрь
2025
КГУ ШЛ №143 столовой
[media=https://docs.google.com/presentation/d/1CCCRRp35lvF7GSRU1bO8M4171QQbfbKu/edit?usp=drive_link&ouid=110671012888104802635&rtpof=true&sd=true]
«Көмек» бағдарламасы бойынша тәрбие сабағы өткізілді 9д сыныбы
17
ноябрь
2025
«Көмек» бағдарламасы бойынша тәрбие сабағы өткізілді 9д сыныбы
9Д сыныбында оқушылардың бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында «Көмек» бағдарламасы бойынша тәрбие сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық ұғымдарын талқылап, өмірлік жағдаяттар арқылы дұрыс әрекет ету жолдарын анықтады. Іс-шара оқушылардың ұжымдық бірлігін күшейтіп, бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеуге бағытталды.
9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды
17
ноябрь
2025
9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты
9Г сыныбында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары, одан қорғану жолдары туралы түсінік беру, сондай-ақ сынып ішінде қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар буллингтің қандай жағдайда пайда болатыны, қандай әрекеттердің агрессияға жататыны туралы талқылады. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы қиын жағдайдан шығу жолдарын қарастырып, кибербуллингтен қорғану тәсілдерімен танысты.
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» 8В сыныбы
17
ноябрь
2025
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» 8В сыныбы
8В сыныбында «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» тақырыбында «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушыларға жауапкершіліктің мәні, адамгершілік құндылықтар мен қоғамдағы жауапты азамат бейнесі туралы түсінік беріліп, түрлі пікірталастар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты оқушылардың өнегелі тұлға болып қалыптасуына ықпал етті. Сынып жетекшісі Куккузов Т. М
Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай тәрбие сағаты өтті
17
ноябрь
2025
Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай тәрбие сағаты өтті
8Г сыныбында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның балаларға арналған шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, оқушылар жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы пікір алмасты. Тәрбие сағаты оқушылардың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. Сынып жетекшісі Сариева Л. А
8 “Д”сынып оқушыларымен “Жедел жәрдем номерлері мен сенім телефондары” тақырыбында қауіпсіздік сағаты өтілді.
17
ноябрь
2025
8 “Д”сынып оқушыларымен “Жедел жәрдем номерлері мен сенім
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 8 “Д”сынып оқушыларымен “Жедел жәрдем номерлері мен сенім телефондары” тақырыбында қауіпсіздік сағаты өтілді. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға жедел қызметтердің түрлері мен олардың номерлерін таныстыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету. 2.Қиын жағдайда көмек сұрай білудің маңызын түсіндіру, сенім телефондарының рөлін көрсету. 3.Оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жеке және қоғамдық жауапкершілікті нығайту. Сабақтың міндеттері:
Бақылау тамағы
17
ноябрь
2025
---
Бақылау тамағы
Мейіз қосылған сәбіз салаты 60 80 100 Сыр қосылған тауық еті 60 80 90 Гарнир: Бұқтырылған күріш 130 150 180 Жеміс- жидек қағынан компот   200 200 200 Қара бидай наны 20 35 40 Тағамның жалпы құны :