«35 игі іс» акциясы аясында
25-қазан Республика күніне орай «35 игі іс» акциясы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің 5 “Г”сынып оқушылары “Наш дом”қарттар үйінің қарттарын арнайы барып құттықтап, оларға мерекелік шара ұйымдастырды. Қызметкерлерге ата-әжелерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, шағын концерт ұйымдастырды. Өнерлі жастардың жүрекке жылы тиер жырлары мен әуезді әндері қарттардың жанын жадыратты. Әр орындау ерекше әсер қалдырып, жүздерінде қуаныш пен сағынышқа толы сезім байқалды.