Математика пәнінің мұғалімі жас маман Әріпжан Бекзат Берікұлы » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика пәнінің мұғалімі жас маман Әріпжан Бекзат Берікұлы
27
февраль
2024

Математика пәнінің мұғалімі жас маман Әріпжан Бекзат Берікұлы

Алматы қаласы,Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес 05-29 ақпан аралығында “Жаңалыққа жол бастаған - жас маман” атты жас мамандар айлығында математика пәнінің мұғалімі жас маман Әріпжан Бекзат Берікұлы 9" В" сыныбына алгебра пәнінен “ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОСЫНДЫСЫН ЖӘНЕ АЙЫРМАСЫН КӨБЕЙТІНДІГЕ ТҮРЛЕНДІРУ ФОРМУЛАЛАРЫ” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын тригонометриялық өрнектерді ықшамдауда қолдануды үйрету ;
2. Дамытушылық. Оқушылардың зейіндерін, математикалық ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік. Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өзін-өзі бағалауға, ізденуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қосындыны көбейтіндіге түрлендіру формулаларын біледі және есептері шығаруда қолдана алады, топтық жұмыс арқылы шешім қабылдап, түйінді пікірлерін ашық айта білуге үйренеді.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі: теория мен практиканы ұштастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: