«Ұстаз болу ұлы міндет!» атты тақырыпта тәлімгерлер айлығы басталды » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұстаз болу ұлы міндет!» атты тақырыпта тәлімгерлер айлығы басталды
16
октябрь
2023

«Ұстаз болу ұлы міндет!» атты тақырыпта тәлімгерлер айлығы басталды

Cүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес мектеп-лицейде «Ұстаз болу ұлы міндет!» атты тақырыпта тәлімгерлер айлығы басталды. Айлықтың басты мақсаты «Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты мәдениетті, терең білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу барысында жас мұғалімдерге жан-жақты көмек көрсету». Айлық кезінде мектепте тәлімгер ұстаздар жас мамандарға көмек көрсету мақсатында, ашық сабақтар, шеберлік сабақтар, тренингтер, коучинг, өткізеді.
Осы орайда мектеп басшысы Өмірбек Айтуғанұлымен сұхбат барысында мектеп-лицейде №57 бұйрық бойынша 2022-2023 оқу жылында бір, 2023-2024 оқу жылдарында 3 жас маман қабылданғанын, сол жас мамандардың мектеп өміріне бейімделуін ұйымдастыру мақсатында тәлімгерлер тағайындалғандығын атап өтті.
1. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мырзақұл Аружан Талғатқызы, тағайындалған тәлімгер ұстазы Жамбулова Жамал Ержумаевна.
2. Математика пәнінің мұғалімі Әріпжан Бегзат Берікұлы, тағайындалған тәлімгер ұстазы – Сагындыкова Айгул Нурганатовна
3. Математика пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Сымбат Дәуренбекқызы, тағайындалған тәлімгер ұстазы – Себдайрова Газиза Манаповна
4. Химия пәнінің мұғалімі Пернебай Ақерке Нұржігітқызы, тағайындалған тәлімгер ұстазы – Бершимбекова Ақерке Курмангалиевна
5. Химия пәнінің мұғалімі Раманова Арайлым Нургалиқызы, тағайындалған тәлімгер ұстазы – Басқанбаева Нұрбану Абдолдақызы
Құрметті тәлімгер ұстаздар мен жас мамандар! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан зор. Сіздерге осы айлық барысында жұмыстарыңыздың сәтті болуына тілектестік білдіреміз!

[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: