Жұмақанова Қайыргуль Жаманшалқызы » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2019

Жұмақанова Қайыргуль Жаманшалқызы


 Мен Жұмақанова Қайыргуль Жаманшалқызы 1960 жылы 5 қыркүйекте Алматы облысы, Саты селосында дүниеге келдім. Осы ауылда Күрметі орта мектебін 1977 жылы бітірдім.
         1978 жылы Жезқазған  педагогикалық институтына  түсіп, аталған оқу орнын 1982 жылы физика- математика  факультетінің  «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым.
         1982 жылдың қыркүйегінен 1986 жылға дейін Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарабұлақ аулындағы Қарабұлақ сегіз жылдық метебінде математика  пәнінің мұғалімі, 1986 жылдан 1988 жылға дейін Саты ауылында   пионер жетекшісі, 1988-1992 жыл аралығында аталған мектепте математика пәнінің мұғалімі, 1995-2007 жылдың қыркүйегіне дейін  Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №139 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.
         2007 жылдың қыркүйегінен бастап  Алматы қаласы, Жетісу ауданының  Сүйінбай Аронұлы атындағы №143 мектеп-лицейде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: