1наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
02
март
2020

1наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні

1наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі.Бұл мереке -әлемдегі сан алуанелдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдыналуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.Осыған орай мектебімізде АӘД мұғалімі Ғ,. Жораев мәжіліс залында 9-10 сынып оқушыларымен түсіндірмелі әңгіме жүргізді,сонымен қатар сынып жетекшілер сынып  оқушыларымен  жаттығулар жүргізді.     Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері: 1.Басқару: құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;  2.Азаматтық қорғаныс күштерін құру: дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау; 3.Қорғану құрылыстары: жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинақтау және әзірлікте ұстау; 4.Халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау: орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау; 5.Іздеу-құтқару жұмыстары: жұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру; 6.Азық-түлік, су көздерін індеттерден қорғау: тамақ шикізаттарын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивік, химиялық, бактериологиялық уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғану. "Алғашқы қажетті жинақ" өзіне келесі құралдарды кіргізуі мүмкін:қолшам, шағын радиоқабылдағыш, мобильді телефондар, құралдар жинағы бар әмбеьап пышақ, сіріңкелер, тәулікке есептелінген тамақ, ақша, құжаттар немесе оның көшірмесі, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдар жинағы. Сонмен қатар мектеп оқушылары мыналарды білуге тиіс:-Төтенше жағдай болу қатері кезінде дұрыс қимылдау.   -Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану.            -Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдар жасау.                       -Тамақ өнімдері мен ауызсуды зақымданудан сақтау. -Азаматтық қорғаныс іс-шараларын тез және сенімді орындау.  -Зақымданғандар мен жараланғандарға алғашқы көмек көрсету.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: