Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
27
февраль
2020

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


Жалпы ереже


1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  (бұдан әрі-Министрлік) қызметінің барлық салаларындағы тыйымдардың, шектеулердің және рұқсат жүйесін білдіреді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықыт арттыру және Министрлік қызметінедегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

1) Министрлік қызметкерлерінің функционладық міндеттерін орындау кезінде орнықты сыбайлас жемқорлыққ қаарсы ахуалды және жауапкершілікті қалыптастыру;

         2) сыбайлас-жемқорлықты танытуды уақтылы анықтау және олардың керіс әсерлерін болдырмау;

         3) Министрлік қызметінің тиімділігін  арттыру.

         4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

         1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Министрліктің қызметінде  функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың  құқытары мен заңды мүдеделерін іске асыру кезінде қолданылады.

         2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Министрлік қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.

         3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындауда дербес жауапкершілікті әділет органдарының әрбір қызметкері көтереді.

         5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының       10-бабы 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

         6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Министрлік қызметкерлерінің

қызмет саласына байланысты  бекітілген ережелерді қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану іс-әрекеттерін және шешімдерін анықтайды.

         7. Министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды Этика жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

         8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті. 


2. Қоғамдық қатынастар саласында қызмет атқаратын тұлғалардың мінез-құлықтарының (іс әрекеттерінің) ережелері

Тыйымдар, шектеулер және рұқсат:

  1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде осы салада:
  2. өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде ешқандай материалдық игіліктерді, қызметті және өздерінің міндеттерін орындаумен байланысты өзге де артықшылықтарды пайдаланбау;  
  3. мүдделер жанжалына жол бермеу, олар туындағанкезде заңнамаға сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
  4. мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезінде қызмет бабын өзі үшін немесе үшінші тұлғалар үшін пайда табу мақсатында пайдаланбау;
  5. мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге тұлғалардың қызметіне жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау.

2. Мемлекеттік қызмет саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезінде:

1)  Қазақстан Республикасының заңдарымен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылықтар мен басқа құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.

2) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдылықтарды алу мақсатында жариялануға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау;

           3) өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде іскерлік этикетті және ресми-мінез-құлық ережесін сақтауы тиіс.

3. Өзінің құзыретінің шегінде басқарушылық немесе басқа шешімдер дайындау мен қабылдауда

           1. Тікелей басшысына туындаған мүдделердің жанжалы туралы, қызметтік міндеттерін орныдауда жеке мүдделілік туралы, сыбайлас жемқорлық імс қимылға және сыйлық алуға көндіру туралы хабарлау.

         2. Қызметтік міндеттерін орындағанда жеке және пайдақорлық мүдедделерді басшылыққа алмау.

      3. Әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастырдың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну.

           4. Басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасауға түркілемеу және ол үшін көтермелемеу.

         5. Лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланып мүліктік пайда, игіліктерді немесе басымдылық алу үшін әріптестеріне, басшыларына және басқа лауазымдық тұлғаларға сыйлықтар бермеу және жұмыстан тыс қызметтер көрсетпеу.

           6. Лауазымдық өкілеттіктерін орныдаумен байланысты сыйлықтарды қабыл алмау.

           7. Мүліктік жіне мүліктік емес игіліктер мен басымдылықтарды алу мақсатында жариялануға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау.

           8. Қызметтен бас тарту, егер ол жақын туыстық қатынастрада тұрған тұлғаларға (ата-анасы, ерлі-зайыптылар, аға-інілері, балалары) тікелей бағыныштығымен немесе басқарылуымен байланысты болса).

         9. Сыбайлас жемқорлыққа күресте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенделік көрсету.

10. Басшылыққа сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған деректері туралы, сонымен қатар материалдарды жылдамдатып немесе созып қарастыру үшін пайда алуға түрткілеу туралы дереу хабарлау. 

           11. Орындауға алған өкімнің заңдылығы бойынша күмән туса, тікелей басшыға жазбаша түрде хабардар ету.  

           12. Жоғары тұрған басшылыққа жүгіну, егер тікелей басшының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса.

         13. Құқықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттердің мәдениетін сақтау және әріптестерден оны талап ету.

           14. Үнемі негізде мүдделер жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың салдарының пайда болу мүмкін себептерін және жағдайларын жою бойнша шаралар қолдану.  

           15. Кәсіпкерлік немесе пайда табумен байланысты басқа қызметті жүзеге асыпуда қолдау көрстеуден тартыну.

           16. Үшінші тұлғалардың мүдделеріне өкілдәк етуден немесе олардың атынан әрекет жасаудан тартыну. 

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсеткенде, лицензиялық-рұқсаттық функцияны іске асыру кезінде және  халыққа басқа қызметтер көрсеткенде әділет органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

           1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жоғарлату бойынша үнемі негізде шаралар қолдану;

         2. Мемлекеттік қызметтер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініштерді қарастырғанда қағазбастылыққа жол бермей, оларды белгіленген мерзімде табыс ету;  

3. Мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініш бергендермен қызметтен тыс қарым-қатынастарға  түспеу;

4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа түрткілеген жағдайда басшылыққа хабарлау;

5. Мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алуға өтініш бергендермен қатынста болуының мерзімін төмендету;

6. Мемлекеттік қызмтетер, лицензиялар және басқа рұқсат ететін құжаттарды алу үшін қажет тізімдемеге жатпайтын қосымша құжаттарды талап етпеу және сұраныс жасамау;

7. Қызмет алушылардан ақпараттық жүйелер арқылы алуға болатын құжаттарды талап етпеу;

8. Ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қарастырылатын өтініштер туралы мәліметтерді, және олардың қарастырылу мәртебесі жөнінде уақытылы енгізу;


5. Әділет органдарының құзіретіне кіретін жеке және заңды тұлғаларды текергенде лауазымдық тұлғаларға ұсынылады:


1. Тексеру субъектілерінің қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу;

2. Жеке мүдделер мен үшінші тұлғалардың мүдделері үшін тексерулерге бастамашылық жасауға жол бермеу;

3. Тексеру шараларын тексерілетін субъектілердің тарапынан жүргізуді болдырмау;

4. Тексерілетін субъектілереге заңсыз талаптар қоймау, тексерістің тақырыбына жатпайтын өтініштермен жүгінуге болмайды;

5. Тексерілетін субъектіге тексеріскезінде оның мәніне жататын қажет ақпаратты ұсыну;

6. Тексерістер жүргізгенде кәсіпкерліктің тексерілетін субъектілерінен тексерудің мәніне жатпайтын құжаттарды талап етпеу;

7. Кәсіпкерліктің субъектісінің рұқсатынсыз қызметтік міндеттерін орындау кезде мәлім болған коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жариялау және (немесе) пайдалануды болдырмау, Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен жағдайлардан басқа.


6. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырған кезде әділет органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынылады:


1. мемлекеттік сатып алулар үшін пайдланатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді ұстау;

2. Әлеуетті жеткізулер үшін мемлекеттік сатып алулар рәсіміне қатысу үшін бірдей мүмкіндік ұсыну, Заңмен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда;

3. Әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестуікті қамтамасыз ету;

4. Мемлекттік сатып алулардың рәсімінің ашықтығын және анықтығын;

5. Отандық тауар өндірушілеріне, сонымен қатар жұмыстар мен қызметтер көрсететін отандық жеткізушілерге Қазақстан Рсепубликасы бекіткен халықаралық келісмдерге қайшы келмейтіндей  қолдау көрсету;

6. Сыбайлас жемқорлық қимылдарына жол бермеу;

7. Өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда осы әлеуетті жеткізушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті уәкілінің жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысу құықығы бар немесе тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуларда өткізілетін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы болып табылатын жақын туыстарын, ерлі-зайыптарын немесе жекжаттарын қатысуға жол бермеу;

8. Атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізімдемесіне енгізілген әлеуетті жеткізушіге және (немесе) онымен тартылатын қосалқы мердігерге (қосыалқы орындаушы) қатысушы ретінде рұқсат бермеу.


7. Әділет органдарының жұмыскерлерін іріктеу және тағайындау кезінде ұсынылады:


1. Жоғары лауазымға әкімшілік мемлкеттік тұлғаны тағайындағанда меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;

2. Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

3. Әділет органдарына жұмысқа қабылдаған кезде негізгі міндеттерін, лаузымдық тұлғаларға салынған тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

4. Мемлекеттік қызметкерлердің жеке деркетері туралы мәліметтерді заңсыз табыс етілуіне жол бермеу;

5. Әділет органдарының қызметкерлері жөнінде қызметтік тексерулерді объективтік және жан-жақты жүргізу;

6. Лауазымдарға тағайындалатын әділет органдарының лауазымдық тұлғаларынан жеке сипатты қызмет көрсетуді талап етпеу және өтінішпен жүгінбеу.


8. Норматитвік-құқықтық актілердің жобаларын дайындаған кезде


1. Нормативтік-құқытық актілердің жобаларын дайындауда және талқылауда қоғамдықтың, бұқаралық ақпарат құрадарының міндетті қатысуын қарастыру;

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді құрастрған кезде Қазасқатн Республикасының Кәсіпкерлерінң ұлттық палатысының уәкілдерінің және жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің аккредитацияланған бірлестіктердің міндетті қатысуы;

3. Нормативтік-құқытық актілерді сараптамаларды жүргізусіз (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа сараптамаларсыз) құрастыруға тыйым салынады;

4. Нормативтік-құқытық актілерде сыбайлас жемқорлық ықпалдары немесе олардың белгілері бар, сонымен қатар құқық бұзушылықтар үшін баламалы санкциялары көзделген нормаларды пайдаланбау. 


9. Өмір тіршілігінің саласының ерекшелігіне байланысты басқа қоғамдық маңызды қатынастарда


1. Кадралды іріктеу кезде туыстық, жерлестік және жеке қалау белгілері бойынша тағайындауды болдырмау, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

2. Лауазымды бағыныңқы тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің мақсаттары мен көлемін нақты және анық анықтау;

3. Бағыныңқы лауазымдық тұлғалар арасында еңбек жүктемесінің ауытқымалы үлестірілуіне жол бермеу;

4. Олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалағанда, соынмен қатар көтермелеу және жазалау шараларын қолданғанда әділеттік пен әділдік көрсету;

5. Нақты орындалуға мүмкн болмайтын немесе лауазымдық міндеттердің шегінен тыс шығатын, сонымен қатар заңға қайшы келетін өкімдерді шығармау; 

6. Қызмет бабын қызметтен тыс мәселелерді шешу кезде бағыныңқы қызметкерлердің әрекеттеріне ықпал жасамау;

7. Бағыныңқы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға мәжбүрлемеу;

8. Бағыныңқы қызметкерлер мен басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу деректерін болдырмау және жол бермеу;

9. Қызметтік міндеттерін орындау барысында әріптестер арасында туындаған мүдделер жанжалын реттеу бойынша жеткілікті шаралар қолдану; 

10. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеткілікті шараларды қолдану;

11. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзылушықтарға жол берген себеп және жағдайларды жою, оның ішінде бағыныңқы қызметкерлерді қоса алғанда; 

12. Ақшалай немесе басқа мүліктік сипатты құмар ойындарға жоғары немесе төмен тұрған, немесе қызмет бойынша онымен басқа бағынышты лауазымдық тұлғамен қатыспау;

13. Қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға басқаларды, оның ішінде бағыныңқы қызметкерлерді де, тартуыға жол бермеу.


10. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру


  1. Жемқорлыққа төзбеушілік жағдайды қалыптастыру – ол лауазымды тұлғаларда көпшілік мақұлдаға қоғамды құндылықтар арқылы жемқорлыққа қарсылықты қамтамасыз ету пікірін нығайту бойынша қызмет:
  2. патриоттық сезімді;
  3. жақын адамдарға махаббатты;
  4. үлкен ұрпаққа қадірлі қарым-қатынасты;
  5. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын елдердің ұлттық дәстүрлеріне құрметті қарым-қатынасты;
  6. өз елінің тарихын білуді дамыту.
  7. Әділет органдарының қызметі жалпы білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады, оларға келесіні жатқызуға болады:
  8. елде және әлімде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат ұсынылатын кәсіби оқу;
  9. пара алу кезінде ұсталған лауазымды қызметкерлерді ұстау эпизодтары бар видеоматериалдарды ұжымдық қарау және талқылау;
  10. басқа мемлекттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен кездесуді ұйымдастыру, оның ішінде жемқорлыққа қарсы қызметімен, бұдан әрі жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша іс-шараларды шығару;
  11. қажет болған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған салдарын мысал ретінде көрсету үшін қамаудағы/сотталған адамдарды ұстайтын орындарға баруды ұйымдастыру;
  12. балаларға арналған интернат-үйлерге бару;
  13. соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқоршылық жасау;
  14. спорттық және басқа-да демалыс шараларын өткізу.
  15. Лауазымды қызметкерлерге Жемқорлықтың пайда болуының кез келген тіпті болмашы әрекеттеріне төзбеушілікті таныту. Сонымен қатар, негізгі назар жауапкершіліктен құтылмаушылыққа, оқиғаға төтенше деңгейін беру, оны болашақта болдырмауды ұжымдық талқылау және алдын алу шараларын өткізуге беру керек.


11. Әділет органдары басшыларының  сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимылға және ескертуге бағытталған жұмысты

 ұйымдастыру бойынша дербес жауапкершілігі


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының             22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және ескертуге бағытталған   шаралардың тиімділігі  негізінен  әділет органдары басшысының қағидатты ұстанымына байланысты, ол дәйектілігмен, жүйелілігімен және іс-қимылдың үздіксіздімен ерекшеленеді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: