7 “А” сыныбында “Тілім менің ғасырларға аманат” атты ашық тәрбие сағаты өтті » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 “А” сыныбында “Тілім менің ғасырларға аманат” атты ашық тәрбие сағаты өтті
10
сентябрь
2024

7 “А” сыныбында “Тілім менің ғасырларға аманат” атты ашық тәрбие сағаты өтті

2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, қыркүйектің 5-і Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Бұл өзгерістің басты себебі - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Осыған орай Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №143 мектеп-лицейде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” бағдарламасын іске асыру аяғанда 7 “А” сыныбында “Тілім менің ғасырларға аманат” атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу. Жас ұрпаққа ана тілінің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Ана тілін аялап құрметтеуге баулу.

Оқушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Тәрбие сағатын сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Иманбаева Алмагүл Оралқызы өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: