«Тілім барда қазағым бар,халқым бар» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу кеші өткізілді » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілім барда қазағым бар,халқым бар» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу кеші өткізілді
19
сентябрь
2023

«Тілім барда қазағым бар,халқым бар» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу кеші өткізілді

[media=]
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Тілім барда қазағым бар,халқым бар» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу кеші өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Ана тіліміз - адам болып жаралғаннан берігі жан дүниеміздің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру-баршамыздың абыройлы міндетіміз болмақ.

Кештің ашылу салтанаты барысында мектебіміздің 11 «В» сынып оқушылары /Нурмухамбетов Айбек, Кәрімбек Рамазан /, 11 «Б» сынып оқушысы /Сағындықов Бекхан/, 10 «В» сынып оқушылары / Еркін Сұлтан ,Кенжебек Әли, Қонысбаев Аслан,Тұлтай Нұрислам, Дәулетхан Ерболат/ ,сондай-ақ 9 «А» сынып оқушысы/ ,Асан Саят / ,10"А"сынып оқушысы /Мүсілім Аружан/ және 8 «Б» сынып оқушылары /Якупжанова Зарина,Талғат Айнұр/ көркем сөз оқуда өз белсенділіктерін көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Осы кештің өтуіне белсенділік көрсетіп отырған қазақ тіл мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдеріне / Мустафаева Ақкүміс,Мынбаева Айнажан, Сейілбекова Гүлбақша,Алдиярбай Әлия, Бақытжан Назгүл / және тағы басқа ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: