Менің тілім-қазақ тілі » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2020

Менің тілім-қазақ тілі

Менің тілім-қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы-оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі - Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс-шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз-әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін,сауатты ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Ол дегеніміз - өз ана тілінде яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз. 10 "А" сыныбы сіздерді тіл мерекесімен құттықтайды. 
#мереке құтты болсын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: