"Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізеді. » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізеді.
01
август
2024

"Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізеді.

ХАБАРЛАНДЫРУ❗Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.

Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіледі.

Осыған байланысты, аталған іс-шараны іске асыру кезінде 2023жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізудің қоса берілген Тұжырымдамасына сәйкес басшылыққа алу ұсынылады.

Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Құрметті демеушілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,ата-аналар❗
Акцияны ұйымдастырушылар өз қаласының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестеріңізді қосуға шақырады.
Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Жолдыбаева Дарига Едилбаевна,
87014818419
mektep-zhol-143-ml.pdf [1,34 Mb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: mektep-zhol-143-ml.pdf
























Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: