«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы
08
сентябрь
2022

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы

Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейде 2022 жылдың 1 - 30 тамыз аралығында өтті.
Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар спонсорлық көмектер көрсетті.
Атап айтқанда,спонсорлар тарапынан 1-11 сынып оқушылары үшін көпбалалы ,оның ішінде аз қамтылған оқушыларға төмендегідей көмектеп көрсетілді.
26 ұл балаларға мектеп формасы
30 қыз балаларға мектеп формасы
17 қыз балаларға ақ жейде
22 ұл балаларға рюкзак ішінде кеңсе тауарлары бар
15 қыз балаларға рюкзак ішінде кеңсе тауарлары бар
5 ұл балаларға спорттық киім
9 қыз балаларға арналған туфли
100000т(жүз мың теңге)ақшалай көмек берілді.
Акцияға атсалысқан ата-аналарымыз бен мектеп ұжымына алғыс айтамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: