ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (Оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттағы жұмыстар)📚📚 » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (Оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттағы жұмыстар)📚📚
25
декабрь
2023

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (Оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттағы жұмыстар)📚📚

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (Оқу-тәрбие және ғылыми шығармашылық бағыттағы жұмыстар)📚📚
Аламты қаласы
Жетісу ауданы
Сүйінбай атныдағы №143 мектеп-лицейде оқу-тәрбие жұмыс жоспары негізінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Атап айтар болсақ:
✅22.09-29.09.2023ж аралығында №143 мектеп-лицейінде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Тілім барда қазағым бар,халқым бар» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Ана тіліміз - адам болып жаралғаннан берігі жан дүниеміздің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру-баршамыздың абыройлы міндетіміз болмақ.
✅20.09.2023ж ҚР ОАМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМКҚ Халықаралық, республикалық бұқаралық спорт және дене шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес Министрлікке қарасты білім беру мекемелерінде 10 спорт түрі бойынша ұйымдастырылып отырған Ұлттық мектеп лигасының І кезеңінің ашылу салтанатына болып өтті. Мақсаты – жас ұрпақты спорт құндылықтары арқылы тәрбиелеу, отбасы институтын нығайту, дене шынықтыру пәні педагогтерінің статусын көтеру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету, бұқаралық спортты дамыту.
✅"Менің Отаныма-менің бастамам " қалалық әлеуметтік шығармашылық жобалар байқауында мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі 1-орын алған 9"Ә" сынып оқушысы Бақытжан Кәусар Республикалық кезеңде жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі иен әдебиетінің мұғалімі Бақытжан Назгүл Дәуренқызы.
✅Қазан айында №143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес мектеп-лицейде «Ұстаз болу ұлы міндет!» атты тақырыпта тәлімгерлер айлығы өтті. Айлықтың басты мақсаты «Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты мәдениетті, терең білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу барысында жас мұғалімдерге жан-жақты көмек көрсету». Айлық кезінде мектепте тәлімгер ұстаздар жас мамандарға көмек көрсету мақсатында, ашық сабақтар, шеберлік сабақтар, тренингтер, коучинг өткізілді.
✅Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген 2023 жылдың «Үздік білім беру ұйымы» конкурсынның нәтижесі бойынша мектебіміз Алматы қаласы Білім басқармасының конкурсының лауреаты дипломымен марапатталды.
✅Жалпы білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша Аягүл Миразова атындағы олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 9 "А" сынып оқушысы Райымбек Аяжан ІІ дәрежелі және 8 "Ә" сынып оқушысы Шайбек Дәмелі ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшілері математика пәнінің мұғалімдері Жумаканова Кайыргуль Жаманшаловна, Садвакасова Марияш Тлеубердиновна.
✅20.11-30.11.2023 ж аралығында оқу-тәрбие жоспарына сәйкес сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттырту, педагогтердің құзыреттілігін дамыту, өзара тәжірибе алмасу мақсатында “Сынып жетекшінің рөлі-тәрбие жұмысының негізі” сынып жетекшілер онкүндігі болып өтті. Сынып жетекші қызметінің мақсаты-білім алушының азаматтық өзіндік санасын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы.
✅01.12-13.12.2023 ж аралығында, Тәуелсіздік күні айтулы мереке қарсаңында “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты тарих бірлестігі онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында 5 ашық сабақ, 6 іс-шаралар өтті.
✅Абай атамыз айтқандай: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім мен ғылымның өзі адамға мейірленіп тез қолға түседі» белгілі бір істің хас шебері болуы үшін әуелі ол істі шын сүю қажет демекші өз ісін қолөнер саласында шын сүйіп дамытып жүрген Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алжанбаева Нурбану Турарбековна Қазақстан этнодизайнерлер одағының мүшелігіне қабылданды.
✅Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткізілген"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңіннен Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 6 «В» сынып оқушысы Камал Марлан ІІІ дәрежелі, 5 «Б» сынып оқушысы Мұхтарбек Ахметали ІІІ орын дәрежелі дипломымен және 6 «Д» оқушысы Тұрсынбек Еңлік грамотамен марапатталды.
✅Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 2-7 сыныптар арасындағы республикалық “Зерде” ғылыми жоба бойынша жеңімпаздары:🌹🌹
1. 2 "Д" сынып Үсен Сардар 1- орын Жетекшісі: Тузилова Н
2. 3 "Ә" сынып Баянай Мұхаммеджан 1- орын Жетекшісі: Кунбасова Г
3. 3 "Г" сынып Үсен Еркеназ 1- орын Жетекшісі: Усербаева Ф
4. Ақылбекұлы Бақберді ІІІ орын, информатика, 7 "Ә" сынып, жоба жетекшісі Шеризат Айзада Жомартқызы
5. Қалдарбек Айсұлу Дәуренбекқызы ІІІ орын, информатика, 7 "В" сынып, жоба жетекшісі Әлібекқызы Айжан
6. Батарын Нұрайым Ерханатқызы ІІІ орын, қазақ тілі, 6 "Д" сынып, жоба жетекшісі Сраимова Самал
✅Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 11"Ә" сынып оқушысы Балкен Аружан жалпы білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиадасының аудандық кезеңінен ІІ ДӘРЕЖЕЛІ дипломымен марапатталды. Пән мұғалімдері: математика пәнінің мұғалімі Сагындыкова Айгуль, физика пәнінің мұғалімі Кеулимжаева Райхан, биология пәнінің мұғалімі Басқанбаева Нұрбану, химия пәнінің мұғалімі Адинова Арай.
✅07.12-08.12.2023 ж күндері Қонаев қ. Академик М.Өтелбаевтің "Олимпиадалық есептерді шешудің тиімді жолдары" атты екі күндік Республикалық семинарда Алматы қаласы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің информатика пән мұғалімі Әлібекқызы Айжан өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, Оқу-ағарту министірлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
✅08.12.2023ж күні “Мен-көшбасшымын!” оқушылар мен студенттер парламентінің көшбасшылары арасында “ Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен қалалық слеті өткізілді. Слет аясында тақырыптық диалог алаңында баяндама дайындағаны үшін мектеп-лицейіміздің 10 ”А” сынып оқушысы Қайрақбай Рамазан Сәкенұлы үздік деп танылып арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: