Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі”
02
март
2026

“Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі”

“Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі” атты аудандық байқауға белсенді қатысып, жоғары деңгейде ұйымдастырушылық қабілет, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерін танытқаны үшін Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі аға тәлімгері Муса Аида Дауренқызы, 11 “Ә” сынып оқушылары Серік Меруерт Серікқызы және Кемел Айдана Қанатқызы марапатталады.

Аталған байқауда мектептің өзін-өзі басқару құрылымының сайлау жүйесі жан-жақты таныстырылып, оның ашықтығы, әділдігі және оқушылар белсенділігін арттырудағы маңызы көрсетілді. Қатысушылар өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, тың идеяларымен және жаңашыл көзқарастарымен ерекшеленді.

Мектеп абыройын асқақтатып, аудандық деңгейде лайықты нәтиже көрсеткен ұжымға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: