06
декабрь
2024
"Ақберен" республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, сөз өнері қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын анықтау және қолдау мақсатында "Ақберен" республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде "Көркем сөз оқу" номинациясы бойынша Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Якубжанова Зарина 3 орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі Алдиярбай Әлия Қожахметқызы