03
декабрь
2024
Ақберен" республикалық өнер байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, сөз өнері қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын анықтау және қолдау мақсатында "Ақберен" республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясы бойынша Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Алтынхан Руслан Серікұлы 3 орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі Иманбаева Алмагүл