Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы БАЛАFEST» фестивальінің мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты
04
апрель
2023

«Алматы БАЛАFEST» фестивальінің мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты

Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Алматы БАЛАFEST» фестивальінің мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты болып өтті. Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау.
Байқаудың шарттары:
1-кезең- мектепішілік 1-10 сәуір
2-кезең- аудандық 20-30 сәуір
3-кезең- қалалық 10-20 мамыр
Байқаудың бағыттары:
1.«Жұлдызды сәт» (Музыкалық шығармашылық және хореография)
2.«Бояулар құпиясы» (Бейнелеу өнері)
3.«Өнерлі бала» (Сәндік қолданбалы өнер)
4.«Кітап білім бұлағы» (Көркем сөз оқу)
5.«Жасыл Алматы» (Экология және қоршаған орта)
6.«OpenAir Sport» (Спорт және салауатты өмір салты)
Барлықтарыңызды «Алматы БАЛАFEST» фестивальінің мектепішілік кезеңіне белсенді қатысуға шақырамыз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: