10
март
2025
4 “Ә” сыныбында «Кім тапқыр?» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес 4 “Ә” сыныбында «Кім тапқыр?» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
Ойынның мақсаты:
* Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын таныту.
* Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
* Мәдениет пен тарихқа қызығушылықтарын арттыру.
* Топтық жұмысты нығайту, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа баулу.
Ойынның мақсаты мен ережелері түсіндіріліп, оқушылар топқа бөлінді. Әр топқа ат қойылып, топбасшы сайланды. Алты кезеңнен тұратын бұл ойын қызықты әрі тартысты өтті. Әр кезеңнің соңында ұпайлар есептеліп, ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанды. «Кім тапқыр?» зияткерлік ойыны оқушыларға халқымыздың бай мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын танытуға септігін тигізді.
Сынып жетекшісі: Кунбасова Гүлжамал Оңласынқызы.