Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Елін қорғаған батыр аталар" тақырыбында мультфильмдер топтамасы көрсетілді.
05
декабрь
2020
"Елін қорғаған батыр аталар" тақырыбында мультфильмдер топтамасы
Жетісу аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Сүйінбай атындағы 143 медиа-грид апталық жоспарына сәйкес "Елін қорғаған батыр аталар" тақырыбында мультфильмдер топтамасы көрсетілді.
ІІІ Республикалық  "Алтын қауырсын" байқауы
05
декабрь
2020
ІІІ Республикалық "Алтын қауырсын" байқауы
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 10 "Б" сынып оқушысы Сырғабай Айдана "ASIA EDUCATION" Халықаралық даму орталығымен қашықтықтан өткізілген ІІІ Республикалық "Алтын қауырсын" байқауына жіберген "Болашақ біздің қолымызда" тақырыбындағы шығармасы ең үздік танылып І орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Мынбаева Айнажан. Құттықтаймыз 🌹🌹🌹
Хабарландыру
05
декабрь
2020
Хабарландыру
Хабарландыру!! Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейінде 2020 жылдың 7-14 желтоқсан аралығында өтетін апталық іс-шара жоспарымен таныс болыңыздар!!
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ -2020"
04
декабрь
2020
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ -2020"
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің бастауыш пәнінің мұғалімі Турапбаева Карлыгаш ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ -2020" атты халықаралық пен республикалық байұауларға қатысып БАС ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды.
Мектепшілік пәндік олимпиада
03
декабрь
2020
Мектепшілік пәндік олимпиада
Мектепішілік жоспар бойынша #143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицейде 26, 27 қараша күндері ZOOM платформасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға 9, 10, 11 сынып оқушылары өз бақтарын сынады. Қорытындысы бойынша І орын алған оқушылар аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алды.
Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
29
ноябрь
2020
Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен кітап көрмесіне Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің оқушылары және мектеп кітапханашысы Ғ.К.Данабекова барып,кітап көрмесін тамашалап қайтты.
"Дара бала"  байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы
28
ноябрь
2020
"Дара бала" байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 7 "А" сынып оқушылары Шахамаран Марал және Мүсілім Аружан Республикалық "ДАРА БАЛА" журналының қолдауымен ұйымдастырылған мектеп жасындағы балалар арасында өткен "Дара бала" байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша ерекше өнер көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Алжанбаева Нұрбану. Құттықтаймыз 💐💐
Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқау
27
ноябрь
2020
Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқау
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 1 "В" сынып оқушылары Бақытбек Айару, Омарбек Хамза, Аймахан Еркежан, Досан Анара, Ракымова Аяулым Республикалық ғылым және білімді қолдау "Тіл, өнер & білім" орталығы мен "Қазақ елі - Мәңгілік ел" журналымен бірлесе ұйымдастырылған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқауында "көркем жазу" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Умирбаева Гульзира Құттықтаймыз
"Жануарлардың бейнесін қолмен салу" әдісін пайдаланып психологиялық  жұмыс жүргізді
27
ноябрь
2020
"Жануарлардың бейнесін қолмен салу" әдісін пайдаланып психологиялық
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің мектепшілік жоспарына сәйкес мектеп психологтары Сағатқан Гүлмира мен Саурықова Сәуле бастауыш сынып оқушыларымен "Жануарлардың бейнесін қолмен салу" әдісін пайдаланып жұмыс жүргізді. Бұл әдісті бастауыш сынып оқушыларына ата-аналарымен бос уақытында қайталап жасауды ұсынамыз және сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, жинақылыққа тәрбиелеуге болады.
"Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі"
23
ноябрь
2020
"Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі"
Бүгін, 23-қараша Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде "Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі" атты мектеп кітапханашылары онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды.