09
декабрь
2020
Назарбаев Зияткерлік мектебіне тәжірибе алмасу
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің әкімшілігі, ұстаздары,сонымен қатар белсенді оқушылары Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне тәжірибе алмасу мақсатында барып қайтты. Назарбаев Зияткерлік мектеп басшысы Сулейменова Жулдыз Досбергеновна мектептің оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстырды.Зияткерлік мектепте жоғары білікті мамандар дәріс береді, мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарықтандырылған. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына зор мүмкіндік жасап отыр.Мектеп ұжымы өз шәкірттерінің биік белестерді бағындыруы үшін бұл тәжірибе алмасудың өте қажет екенін ұғынуда.Болашақта бұл мақсаттарды жүзеге асыру жолында аталған білім ошақтары ұйымшылдықпен бірлесе жұмыс атқарары сөзсіз.

