Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11-сыныптардың ата-аналарымен бірлесе отырып, «Ата-ана тәрбиесі және жағымсыз әдеттер» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
17
февраль
2023
11-сыныптардың ата-аналарымен бірлесе отырып, «Ата-ана тәрбиесі және
«Бала тәрбиесі- жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген екен М. Жұмабаев. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелерсің демекші баланың жан-жақты дамуына ата-ананың ықпалынан бөлек үштік одақ: ата-ана--бала--мектеп арасындағы үздіксіз байланыс қана нәтижелі тәрбие мен білімге ұласары анық. Мектебімізде 11-сыныптардың ата-аналарымен бірлесе отырып, «Ата-ана тәрбиесі және жағымсыз әдеттер» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Бала бойындағы адамгершілік, бауырмалдық,
" Буллингтен қалай қорғану керек?" тақырыбында әңгіме- сұхбат жүргізілді
13
февраль
2023
" Буллингтен қалай қорғану керек?" тақырыбында әңгіме- сұхбат
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес жоғары сынып оқушыларымен мектеп психологтары Саурықова Сәуле мен Сағатқан Гүлмира оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлықты дұрыс қалыптастыру мақсатында "Мектептегі буллинг" ,“Буллингте кімдер жапа шегеді”, " Буллингтен қалай қорғану керек?" тақырыбында әңгіме- сұхбат жүргізілді.
“Достық”  тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді
07
февраль
2023
“Достық” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің мектеп психологтары 7”В” сынып оқушыларымен бір-бірімен қарым-қатынасты анықтау мақсатында “Достық”-тақырыбында тренинг жүргізілді.Оқушылар белсене қатысты.  
5-7 сыныптың қыздарымен  мектепішілік қыздар жиналысын өткізді
06
февраль
2023
5-7 сыныптың қыздарымен мектепішілік қыздар жиналысын өткізді
Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп – лицейінде 03.02.2023 ж күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Д.Е,мектеп психологтары Сағатқан Г мен Саурыкова С.У,мектеп медбикесі Джанкуатова А 5-7 сыныптың қыздарымен мектепішілік қыздар жиналысын өткізді. Күн тәртібінде қыздар арасындағы қақтығысты болдырмау,алдын-алу мен мектеп формасы жайлы түсіндірмелі әңгіме жүргізілді.Мектеп медбикесі жеке бас гигиенасы мен шаш күтімі жайлы айтты.
9-11 сыныптың қыздарымен  мектепішілік қыздар жиналысын өткізді
03
февраль
2023
9-11 сыныптың қыздарымен мектепішілік қыздар жиналысын өткізді
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам. Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп – лицейінде 03.02.2023 ж күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Д.Е,мектеп психологтары Сағатқан Г
Бастауыш сынып мұғалімі Бекетаева Нұрсұлу Базарбекқызы 1«В» сыныбында «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар»,«Әже» тақырыбында ана тілі пәнінен сабақ өт
30
январь
2023
Бастауыш сынып мұғалімі Бекетаева Нұрсұлу Базарбекқызы 1«В» сыныбында
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Бекетаева Нұрсұлу Базарбекқызы 1«В» сыныбында «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар»,«Әже» тақырыбында ана тілі пәнінен сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа технологияны пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізді.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдық мерейтойына орай
30
январь
2023
Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдық мерейтойына орай
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәжірбиесін жетілдіру» тұжырымдамасы негізінде мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдық мерейтойына орай «Мұрат Әуезов – ұлы тұлға» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Сраимова Самал мен Бақытжан Назгүлдің ұйымдастыруымен 11- сынып оқушылары арасында эссе байқауы болып өтті. Үздік деп танылған эссе жұмыстары мараппаталды.
1«Г» сыныбында «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында сабақ өткізді
19
январь
2023
1«Г» сыныбында «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында сабақ
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Әлия Нұрланқызы 1«Г» сыныбында «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білді.
11 сынып оқушылары “Dobro Dent”клиникасында білікті мамандармен кездесті
17
январь
2023
11 сынып оқушылары “Dobro Dent”клиникасында білікті мамандармен
Мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл-ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін мектеп қабырғасындағы кәсіби бағыт-бағдар берудің маңызы зор. Осындай мақсаттарды іске асыру барысында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Эстония тәжірибесі бойынша “Көлеңкелі бір күн” жобасы аясында, мектеп бітіруші түлектеріміз тіс дәрігері мамандығы бойынша қаламыздағы “Dobro Dent”клиникасында білікті мамандармен кездесіп, осы саланың тыныс-тіршілігі мен жасалатын жұмыстардың қыр-сырын өз көздерімен көріп қайтты
«Туберкулез және оның алдын-алу шаралары»  тақырыбында оқушыларға дәріс өткізді
17
январь
2023
«Туберкулез және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында оқушыларға
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің медбикесі Джанкуатова Алмагуль Мағауияқызы салуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Туберкулез және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында оқушыларға дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.